Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 келі салмақта Дулат Бекбауов өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен жұдырықтасқан еді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған дейін қарсыластар өзара кездесіп, онда Бекбауов жеңген еді.
Бірінші раунда өзбекстандық боксшы айқын басымдық танытты. Оның соққылары дәлірек тиді. Екінші раундта да өзбектандық алда болды. Үшінші раундта жерлесіміз өзбек боксшысын барынша соққы астына алуға тырысты. Ал оның қарсыласы, көбіне уақыт өткізумен болды. Төрешілер шешімімен Өзбекстан боксшысы жеңіске жетті.