Дүкен сатушысы клиенттердің атынан оп-оңай несие рәсімдеп алған

24 Ақпан, 03:12 2620

Түркістан облысы Келес ауданында тұрмыстық техника дүкенінің сатушысы келушілердің атынан несие рәсімдеп, өзіне тауар алып отырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасы барысында екі алаяқтық қылмысына қатысы бар 24 жастағы тұрғынды ұстады.

Күдікті жас сауда үйінде сатушы болып жұмыс жасаған. Ол дүкенге келген тұрғынға сатылымда тұрған тұрмыстық техникаларды тауарлық несие жолымен алуға көмектеспек болған. Алайда клиенттің банк қосымшасын тартуға телефоны жарамсыз болғандықтан күдікті жігіт қосымшаны өзінің ұялы телефонына жүктеп, тауарлық несие алып берген.

Кейінірек жас жігітте теріс пиғыл туындап, телефонында сақталған жәбірленушінің банк қосымшасын пайдаланып, жеке мәліметтері арқылы тағы да 700 мың теңгенің тауарын несиеге алған деп хабарлады облыстық полициядан.

Тексеру барысында бұдан бөлек күдікті жігіттің дәл осыған ұқсас тағы бір алаяқтық жайтына қатысы бар екені анықталған. 

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: