ДСҰ Қазақстанның денсаулық сақтау саласына 1,8 млн доллар бөледі

26 Қазан 2023, 00:25 595

Бүгін Астанада ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің (ЕҚК) 73-сессиясы барысында Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросының арасында 2024-2025 жылдарға арналған екі жылдық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Бүгін қол қойылған ДДҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросымен ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде біздің денсаулық сақтауымызды дамытуға 1,8 млн доллар бөлу туралы шешім қабылданды. Бұл қаражат медицина қызметкерлерінің әлеуетін арттыру, аналардың, жаңа туған нәрестелердің, балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау, онкологиялық және басқа да жұқпалы емес аурулармен, АИТВ, ЖИТС, туберкулезбен күресу, медицина кадрларын оқыту, халықпен ақпараттық жұмыс және басқа да бағыттар үшін халықаралық ұйым тарапынан сараптамалық, әдіснамалық және техникалық қолдау көрсетуге бағытталатын болады, - денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ДДҰ Еуропалық бюросының форум алаңында өткен брифинг барысында хабарлады.

Министр өткен екі іс-шараның – Денсаулық сақтау министрлері, ДДҰ сарапшылары, ДДҰ Еуропалық өңіріне мүше 80-нен астам мемлекеттің мамандары, сондай-ақ әріптес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысатын МСАК жөніндегі жаһандық конференциясы мен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-ші сессиясының ерекше маңызын атап өтті.

Конференцияға қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің негізі – МСАК-ты дамытуды қолдауда ынтымақтасты. Делегаттар МСАК базалық қызметтерін кеңейту, азаматтардың медициналық көмекке тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инвестицияларды ұлғайту пайдасына сөз сөйледі. Сондай-ақ ең бастысы  мемлекет, үкімет басшылығының тарапынан  жоғары саяси қолдау қажет, - деп атап өтті А.Ғиният.

Министр атап өткендей, бұл алаңда барлық елдердің денсаулық сақтау күн тәртібіндегі сын-қатерлерді еңсеру үшін маңызды шешімдер қабылдануда.

Президент Тоқаев МСАК бойынша достастық елдер коалициясын құру туралы инновациялық ұсынысты ұсынды. Көптеген елдерде МСАК бойынша жағдай Қазақстандағыдай жақсы емес, олар негізінен қымбат технологияларға инвестициялармен шектеледі. COVID-19 пандемиясынан бері біз халықты қорғау бойынша ең жақсы нәтижені МСАК деңгейі жоғары елдер көрсеткенін түсінеміз, - деді брифинг барысында ДДҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге.

Ол коалиция құру бастамасы келесі жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында талқыланатынын айтты.

Доктор Клюге Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру деңгейіне жоғары баға берді, бұл саладағы кадрлардың жетіспеушілігі мәселелерін шешуге көмектеседі.  Ол Қазақстанда психологтарды МСАК мамандары тобына қосуға көп көңіл бөлінетінін атап өтіп, психикалық денсаулық – әлемнің барлық өңірлерінде жаңа пандемия екенін атап өтті.

Журналистің коронавирус инфекциясы пандемиясының қайталануы туралы сұрағына Х. Клюге вакцинацияның, әсіресе қыс мезгіліне жақын, қауіп тобындағы адамдар, қарттар, созылмалы аурулары бар адамдар үшін маңыздылығын атап өтті. 

Міне, мен тағы да халықаралық ынтымақтастыққа оралғым келеді, елдер вакциналарды өздері әзірлемеуі және ұстамауы керек, олар бөлісіп, алмасуы керек. Диагностика және емдеу – бұл   жерде ДДҰ-ның күшті жұмысы да маңызды, өйткені президент Тоқаев доктор Тедроспен кездесуінде ДДҰ-ның денсаулық сақтау мәселелерін жаһандық үйлестіре алатын жалғыз агенттік екенін анық айтты. Енді біз келесі жаһандық індеттерге дайын боламыз деп сенемін, - деді ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы.

Перизат Саденова
Бөлісу: