ДСМ құтырудың алдын алу шаралары туралы айтты

22 Шілде 2023, 20:08 1234

ҚР ДСМ құтырудың алдын шаралары туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құтыру - бұл адамдар мен жануарлардың аса қауіпті, өлімге әкелетін инфекциялық ауруы, - делінген мәліметте

АДАМ МЫНАДАЙ ЖАҒДАЙДА ҚҰТЫРУДЫ ЖҰҚТЫРУЫ МҮМКІН:

Жануарлар теріні, шырышты қабаттарды сілекейлегенде немесе жанасқанда (барлық жануарлар ауыруы мүмкін), жабайы және үй жануарлары (жабайы, қаңғыбас және үй жыртқыштары), сондай-ақ жарқанаттар тістегенде.

Құтыру ауруының белгілері: дене температурасының жоғарылауы, депрессия, ұйқысыздық, мазасыздық, тістеген жердегі ауырсыну (және ұзақ уақыт бойы тыртықтар), шудың, жарықтың тітіркендіруі, аяқ-қол бұлшықеттерінің құрысуы, судан қорқу, сандырақ, қорқыныш сезімі, галлюцинация, ауа қозғалысынан қорқу, сілекейдің бөлінуі, тұншығу және тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруы.

НЕГІЗГІ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ:

- үй жануарларын құтыруға қарсы вакцинациялау.

Берік Арманов
Бөлісу: