ДСМ қазақстандықтарға маймыл шешегінің таралуына байланыстыескерту жасады

16 Тамыз, 12:32 591

Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты жағдайдың ушығуына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы жылдың соңғы 6 айында маймыл шешегімен науқастану бойынша тіркелген жағдайлардың саны 2022 жылғы тамызда тіркелген 30 721 жағдайдың әлемдік ең жоғары шегімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген.  Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегіне күдікті бірде-бір жағдай тіркелмеген. Оы инфекцияны ел аумағына әкелуге жол бермеу бойынша профилактикалық шаралар қабылданды.

Қазақстанның санитарлық-карантиндік пункттерінде аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты мемлекеттік шекарада анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі, – делінген ДСМ хабарламасында.

Эндемиялық елдерге баратын туристерге инфекцияның таралуының алдын алу үшін кеңестер:

  1. Ауырған адамдарға және инфекция жұқтырған жануарларға жақындамау;
  2. Қорғаныш құралдарын пайдалану;
  3. Гигиенаны сақтау;
  4. Бөртпе, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және шаршау сияқты белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке, дәрігерге жүгіну қажет.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: