Драматург Мұхамеджан Дүзеновтің туғанына 100 жыл

18 Қазан, 09:23 400

Бүгін жазушы, драматург, аудармашы Мұхамеджан Дүзеновтің туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаламгер 1952 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тамамдаған соң Қазақ радиосында істеген. Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған, Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.

Мұхамеджан Дүзеновтің алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастады. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды.

Бұдан бөлек қаламгер В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: