DOSCAR компаниялар тобы жол талғамайтын көлік өндірушісімен келісімге қол қойды

25 Қазан, 16:07 188

2024 жылдың 23 қазанында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында DOSCAR GROUP пен ROX MOTOR арасындағы эксклюзивті Дистрибьюторлық келісімге қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

DOSCAR компаниялар тобы портфолиосында Kia, Chevrolet, JAC, Jetour, Hongqi және Skoda сияқты брендтері бар, Қазақстандағы ең ірі автокөлік дилерлік желілерінің бірі ретінде өзінің брендтер желісінің кеңейгенін және Қазақстан Республикасында премиум санатындағы ROX жол талғамайтын көліктерінің ресми дистрибьюторы мәртебесін алғанын мақтанышпен хабарлайды.

ROX — көптеген елдерде танымал болған, жайлылығы мен жоғары технологиялы жол талғамайтын көліктерді жасау тәсілімен танымал жаңа бренд.

ROX 01 флагмандық моделі — толық өлшемді жол талғамайтын көлік, оның дизайнын әлемге әйгілі итальяндық Pininfarina дизайн студиясы әзірлеген, клиенттері арасында Ferrari, Maserati, Rolls-Royce және басқа да танымал әлемдік брендтер бар.

Жол талғамайтын көліктің қатал келбеті шанақтың айқын түзу сызықтарымен, капотының жоғары сызығымен, L-тәрізді Full LED оптикасымен, кең доңғалақ доғаларымен және толық өлшемді қосалқы дөңгелегі бар топсалы артқы есікпен қамтамасыз етілген. Стандартты нұсқаның өлшемдері 5295 x 1980 x 1869 мм, ал доңғалақ базасы 3010 мм. ROX 01 екі конфигурацияда ұсынылған – 7 орындық және 6 орындық VIP.

Жол талғамайтын көліктің орталық консолі үлкен 15,7 дюймдік сенсорлық монитормен жабдықталған. Руль дөңгелегінің артында 12,3 дюймдік цифрлық аспаптар панелі орналасқан. Қосымша 15,6 дюймдік монитор екінші және үшінші қатардағы жолаушылар үшін қолжетімді.

ROX 01 дәйекті гибридті қуат қозғалтқышына ие. Оны қуатты 476 а.к. бар екі электродвигатель қозғалтатын, айналу моменті 740 Нм, бұл көрсеткіштер өз сегментінде ең әсерлі болып табылады. Капот астында Xinchen China Power компаниясының 1,5 литрлік қозғалтқышы бар, ол генератордың рөлін атқарады. Аккумулятордың сыйымдылығы өз класындағы ең үлкен болып табылады және 56 кВт·сағатты құрайды. Электр қозғалтқыштың қуат қоры 306 км, жол талғамайтын көліктің иелеріне тек қаланың қарбалас ағымында ғана емес, сонымен қатар бүкіл отбасымен табиғатқа шығуға да мүмкіндік береді. ROX 01 автокөлігінің жанармай багының сыйымдылығы 70 литр, аралас режимде 1115 км-ден астам жүруге мүмкіндік береді. Әр түрлі жолдармен жүргізу үшін режимдерді таңдау мүмкіндігі бар. Автокөліктің салмағы 2,5 тонна болғанымен 100 км/сағ жылдамдыққа жету уақыты 5,5 секунд. Сондай-ақ, жол талғамайтын көлік 21 дюймдік премиум Pirelli дөңгелектермен жабдықталған.

DOSCAR компаниялар тобының ресми дилерлік орталықтары Қазақстан Республикасының аумағында ROX 01 автокөліктеріне сервистік және кепілдік қызметтердің толық спектрін ұсынатын болады.DOSCAR компаниялар тобының ROX жол талғамайтын көліктерін пайдаланушы интерфейсіне қазақ және орыс тілдерін қосу арқылы жергілікті нарыққа бейімделеді.
DOSCAR Қазақстандық автоәуесқойларға 5 жыл немесе 150 000 км ресми кепілдік, сондай-ақ аккумуляторына 8 жылдық кеңейтілген кепілдік береді.

DOSCAR — Қазақстанның 11 қаласындағы 19 дилерлік орталығымен ұсынылған жетекші және серпінді дамып келе жатқан компаниялар тобы. Оның мақсаты — тек автомобильдерді сату ғана емес, сонымен қатар клиенттеріне аксессуарлар мен қосалқы бөлшектерді сатып алудан бастап, DOSCAR App маркетплейс арқылы қызмет көрсету, электромобильдерді Qazaq Energy Charge — өздерінің ең үлкен жоғары жылдамдықты зарядтау станциялары желісінде қуаттандыруға дейінгі толық спектрін ұсыну.


Осылайша, DOSCAR компаниялар тобы ROX жол талғамайтын көліктерінің технологиялары сияқты «жасыл» және инновациялық бизнес философиясын қолдайды. Ал жақын арада ROX жол талғамайтын көліктері барша қазақстандықтарға DOSCAR желісінің ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді болады.

EL.KZ
Бөлісу: