Досан Қаумен: «Біздің нарықта бизнес болашағы үшін нақты идея қажет»

20 Маусым 2019, 16:44 8264

Елімізде көптеген бизнес нишалар әлі де бос...

«Бизнecтiң жoл кapтacы–2020» бaғдaрлaмасы Қaзaқстан Республикaсы Президентінің «Жaңa онжылдық – Жaңa экономикaлық өрлеу – Қaзақстaнның жaңa мүмкіндіктері» атты Қaзaқстaн хaлқынa Жолдaуын және Қaзaқстaнның 2020 жылға дейінгі стpaтегиялық дaму жоспaрын іске acыру үшін әзірленген болатын. Бизнесті дамыту мен табысты қызмет етуде бизнес мектептер мен бизнес клубтардың алар орны ерекше. Осыған байланысты әрекеттегі немесе кәсіпкерлікті бастағысы келген азаматтарының кәсіпкерлік қабілетін дамытып және шыңдап өз үлесін қосып жүрген «Q4 Business School» орталығының негізін қалаушылардың бірі әрі бизнес-коучы Досан Қауменмен сұқбатымыз еліміздегі бизнес-тренингтің дамуы, бизнес-тренер мен бизнес-коучтың арасындағы айырмашылық, бизнес саласындағы шетелдік тәжірибе алмасу және тағы басқа тақырыптар төңірегінде өрбіді.

– Досан мырза, қысқаша өзіңізді таныстырып өтсеңіз.

– Туған жерім – Жамбыл облысы, Құлан ауданы, Жаңатұрмыс ауылы. Бірақ, балалық шағым Меркі ауданында өтті. Мектепті сол ауданда оқып бітірдім. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Тарих-география бөлімін тәмамдадым. Артынша Тараз мемлекеттік Педагогикалық институтында «Тарих» мамандығы бойынша білім магистрі академиялық дәрежесіне қол жеткіздім.

Мектеп және университет қабырғасында сабақтан тыс спортқа және қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсенді қатыстым. Баскетбол үйірмесіне қатысып, бұл спорт түрінен мектеп және факультет құрамасында ойнадым. Сондай-ақ, факультет атынан жергілікті телеарнада пікірсайысқа қатысып, алғаш рет факультетімізде пікірсайыс клубын құрдық.

Айта кетерлік бір жәйт, менің тұлға болып қалыптасуыма спорт көп ықпалын тигізді. Әсіресе, бойымдағы мақсаткерлік, тәртіп, ұжымда жұмыс жасай білу, ерік-жігер сынды маңызды қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізді.

Магистратураны бітіргеннен кейін арман қуып, Елордаға келдім. Еңбек жолымды Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында ғылыми қызметкер ретінде бастадым.

 

Бизнес саласына келуіңізге не түрткі болды?

– Бизнес саласына келуіме рухани (тұлғалық) және материалдық қажеттілік түрткі болды.

Рухани қажеттіліктен бастасам. Көп адамдар өзінің қабілеттерін сынап көріп, өз бойындағы әлеуетін арттығысы келеді. Бизнесте өз бағымды сынап көрердің алдында мен де өз әлеуетімді арттырғым келді. Себебі, мен өз бойымда әлі де ашылмаған әлеуеттің бар екендігін сезіндім. Мен әлеуетім мен қабілеттерімді кәсіпкерлік саласында бір арнада тоғыстырғым келді.

Материалдық қажеттілікке келетін болсақ, ол қаражат керек болғандықтан. Мен магистратурада ақылы бөлімде оқыдым. Оқу ақысын төлеу үшін базарда көкөніс, жеміс-жидек саудасымен айналыстым. Өйткені, «саудада – береке бар екендігін» жете түсіндім. Мұғалім болып жұмыс істеп жүрген курстастарымның бір айда тапқан табысын, сауда жақсы болған кезде мен бір күнде немесе бір аптада табатынмын.

Одан Елордада жүргенде қосымша табыс тауып, қор жинап, ауылдағы ата-анама көмектесу ниетімен асхана ашып, самса пісіріп саттым. МLМ бизнестермен де айналыстым.

Бертін келе кәсіпкерлікке деген көзқарасымыз одан сайын пісіп жетіле түсті. Қазіргі кезде кәсіпкерлікке айналаңдағы адамдардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосудың, қоғамға пайда тигізудің және әлемді өзгертудің керемет мүмкіндігі ретінде қараймын. Кәсіпкерлер – әлемнің инженерлері, проблема шешушілер. Олар проблемаға – проблема емес, мүмкіндік ретінде қарап, басқаша ойлайтын адамдар. Басқаша айтқанда, олар проблеманың бір бөлігі емес, проблеманың шешімі болғанды қалайды.

 

АҚШ-та іс-тәжірибеден өттіңіз. Не түйдіңіз?

АҚШ-та екі рет іс-тәжірибеден өттім.

Алғаш рет «Назарбаев  орталығында» жұмыс жасап істеп, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанып, АҚШ-тың Висконсин-Мэдисон университетінде тағылымдамадан өттім. Екінші рет, АҚШ Мемлекеттік департаменті және Оклахома университетінің ұйымдастыруымен өткен Professional Fellows Program (Кәсіби мамандарға арналған бағдарлама) аясында 5 апталық тағылымдамаға қатыстым.

Бұл бaғдapлaмaғa Қaзaқcтaн тapaпынaн aлғaшқылapдың бipi бoлып қaтыcтым дeп aйтa aлaмын. AҚШ-тaғы түpлi кәciпкepлepмeн кeздeciп, oл жaқтaғы кәciпкepлiктiң дaмy бaғыты жәнe жoлдapымeн тaныcтым.

Бiздiң тoп «Экoнoмикaлық қoлдay» бaғыты бoйыншa жacaқтaлғaн eкeн. Coл ceбeптi тeк кәciпкepлepдeн құpaлды. Төpт eлдeн 11 кәciпкep қaтыcты. Aтaп aйтap бoлcaм, Қaзaқcтaн (3 aдaм), Пәкicтaн (2 aдaм), Үндicтaн (3 aдaм) жәнe Нeпaл (3 aдaм) eлдepiнeн. Бiз Oклaхoмa штaтындaғы Нopмaн жәнe Oклaхoмa cитидeгi кoмпaниялapды apaлaп, oлapдың тыныc-тipшiлiгiмeн тaныcтық. Бұл кәciби тәжipибe aлмacым кoмпaнияcындa әp қaтыcyшың жeкe бaғдapлaмacы бacтaлды.

Үндicтaннaн кeлгeн әpiптeciм eкeyмiздi «Poнни К.Иpaни aтындaғы Экoнoмикaлық өpкeндeyдi қoлдay opтaлығынa»(The Ronnie K. Irani Center for the Creation of Economic Wealth) бeкiттi. Aтaлғaн ұйым бaғдapлaмa бapыcындa бiзгe Oклaхoмa штaтының бacты қaлaлapындaғы кәciпкepлiк экoжүйeci, инфpaқұpылымы, кәciпкepлepi жәнe кoмпaния бacшылapымeн тaныcтыpды.

Aптaның бeйceнбi жәнe жұмa күндepi «Жeкe бpeндтiң мaңыздылығы», «Көшбacшылық дaғдылapы», «Кәciпкepлiктeгi көшбacшылық», «Кoмaндaдa жұмыc жacay» жәнe бacқa дa тaқыpыптap бoйыншa тpeнинг өттi. Тpeнингтep өтe қызықты әpi бipaз инcaйттapғa түpткi бoлды. Әcipece, лидepлiк тypaлы тpeнинг aйтyғa бoлaды.

Дeмaлыc күндepi мәдeни-тypиcтiк opындapғa бapып, тимбилдинг oйындapынa дa қaтыcтық.

Aтaлғaн oйындap мeн тpeнингтepдe күpдeлi мeнeджepлiк жәнe лидepлiк нeгiзiндeгi кoнцeпциялap oйын peтiндe қapaпaйым тәciлмeн үйpeтiлдi, ciңipiлдi. Oл кoнцeпциялapды әдeттeгiдeй caбaқ peтiндe өтeтiн бoлcaқ, түciнyгe тым күpдeлi бoлaтын eдi. Aл oйын тәciлi peтiндe oңaй игepп aлдық.

Бeciншi aптaдa Вaшингтoн қaлacындa Кәciби мaмaндap кoнгpeci өттi. Бұл кoнгpecкe әлeмнiң 60 eлiнeн кeлгeн 300 жac кәciби мaмaндap қaтыcты. Бip aптa бoйы әлeмнiң түкпip-түкпipiнeн кeлгeн ocы әpiптecтepiмiзбeн тpeнингтepгe қaтыcып, тәжipибe aлмacтық. AҚШ Мeмлeкeттiк дeпapтaмeнтi ғимapaтындa, Бeнжaмин Фpaнклин aтындaғы тapихи хoллдa қopытынды caлтaнaтты жиын өттi. Cepтификaтымызды aлдық, Ocылaйшa, Хaлықapaлық aлмacым бaғдapлaмaлap түлeктepi қayымдacтығы мүшeci aтaндым.

Aтaлғaн қayымдacтықтың 1 млн мүшeci бap eкeн, Coның iшiндe 600-гe жyығы бұpынғы жәнe қaзipгi мeмлeкeт бacшылapы көpiнeдi.

Жоғарыда атап өткенімдей көңілге түйген ойларым жетерлік. Негізгілеріне тоқталатын болсам:

- Бизнес даму үшін экожүйе, бизнес орта, ниеттес қауымдастықтың болуы өте маңызды. Соны қалыптастыра білуіміз керек!

- Кәсіпкерлікте лидерлік өте маңызды. Лидерліктің түрлері көп және олардың әрқайсысы қажетті. Себебі өмірдің, кәсіптің түрлі кезеңдерінде қажетті түрлерін қолдана білу қажет.

- Үлкен бизнес идеялар – проблемадан туындайды. Жүрген жеріңде проблема іздеп жүр. Проблема көрсең, оның шешімін ойлап тап. Ол шешімді қызметке немесе тауарға айналдырып, нарыққа ұсынып, кәсіпке айналдыра біл. Неғұрлым көп әрі үлкен проблемаға душар болсаң, соғұрлым қайтарымы да үлкен болмақ.

- Қазіргі таңда «Soft skills»(Жұмсақ дағдылар) аса қажетті. Олардың қатарына командада жұмыс жасай білу, тіл табысу, өз ойыңды жеткізу, презентация жасау, келіссөздер жүргізу, шешендік өнер, эмоционалды интеллект, тыңдай білу және тағы басқа дағдылар кіреді. 

 

Елімізде бизнес-тренинг қаншалықты дамыған?

Еліміздегі бизнес-тренинг саласын қазақтілді және орыстілді деп екіге бөлсек болады.

Бір қуантарлығы, қазақтілді бизнес-тренинг саласы дамып келе жатыр. Кәсіпкерлік және тұлғалық даму мектептері, жекелеген бизнес-тренерлер пайда болды.

Бұл сала Батыста, әсіресе, АҚШ-та қатты дамып кеткен. Посткеңестік елдердің арасында Ресей және Украина сол жақтан келген үрдістерден қалғылары да келмейді. Жаһандану заманында өмір сүріп жатқандықтан бұл процестер бізге де әсер етпей қоймайды. Бұдан ешқайда қашып құтыла алмаймыз.

Аталған үрдістердің әсері мен қазақтілді аудитория тарапынан қажеттілік туындағандықтан біздің елде де осы сала дами бастады.

Бәсекелістік арта түсті. Ол жақсы. Себебі, бизнес тренингтердің сапасы да артады.

Қазір бұл нарықта «Q4 Business School» мектебінен басқа, «Бизнес Бастау» кәсіпкерлік мектебі, «Shonbay Online University» бар. Бұл мектептердің өзінің нысаналы аудиториясы бар. Мен бұл жерде жекелеген тренерлерді айтып отырған жоқпын.

Аталған мектептердің тағы бір еңбегі – қазақ тіліндегі контенттер тудырып жатыр. Әлеуметтік желілерде, әсіресе You Tube видео каналында видео контент жасап, оны толтырып жатыр. Қазіргі таңда қазақ тіліне қызмет етудің ең абзал жолдарының бірі – контент тудыру екенін ескерсек, аталған іске оң баға беруге болады.

Сондай-ақ, осы салада қаншама кітап қазақ тіліне аударылып, жазылып та жатыр. Бұл Кеңес өкіметі кезеңінде бизнес жөніндегі білімнен жұрдай болған ел үшін аса қажетті дүние. 

 

Бизнес-тренер мен бизнес-коучтың арасында қандай айырмашылық бар?

Өте орынды сұрақ. Қазіргі таңда бұл нарық бізде енді қалыптасып жатқандықтан бизнес-тренер және бизнес-коуч ұғымдарын шатастырып жатамыз. Негізі екеуі екі бөлек ұғым.

Бизнес-тренер – белгілі бір дағдыны, білімді, әдетті бір топ адамның бойында қалыптастырып, оларды іс жүзінде қолдануға үйретіп, нәтижеге жету жолында кедергілерден өтуге ынталандыратын және мотивация беретін кәсіби маман. Мәселен, бизнес-тренер таргетті жарнама болмаса маркетингтік зерттеу жасау сынды нақты білім мен дағдыны бір топ адамға үйретіп, қолдануды көрсететін адам.

Бизнес-тренер – жәй ғана маман емес. Бұл басқаларға үйретіп, көмектесе алатын адам. Тренер мотивация берудің түрлі техникаларын, жаттығуларын мен принциптерін қолданады.

Коуч көбіне топ адамдармен емес, жеке адамдармен жұмыс жасайды. Коуч коучингті терең сауалдар мен түрлі техникалардың көмегімен консультация, ақыл-кеңес беру, сұхбаттасу әдісі ретінде қолданады. Коуч мақсатына жету үшін тренинг өткізбейді, коуч-сессиялар өткізеді. Коуч-сессиялар барысында коуч өз клиентіне белгілі бір жағдайға жаңа қырынан қарап, оны ұғынып, шешім табуға көмектеседі. 

Коучтың тренерден айырмашылығы, мынаны былай жаса, ананы былай жаса деп тікелей нұсқаулар бермейді. Бірақ кей жағдайларда өзі орындау үшін белгілі бір техникалар мен жаттығуларды береді.

Коучинг өзін және өзінің бойындағы қабілеттерін жете танып, әлеуеттерін ашқысы келетіндер үшін, алға жылжу үшін өзінің мақсаттарын, ішкі ниеттерін, ынтасын, мотивациясын айқындағысы келетіндер үшін тура келеді. 

Коуч – клиенттің проблемалдарына шешім мен жауаптарды өзі дайындап бермейді, керісінше үздіксіз жұмыс жасау арқылы оның сауалдарына жауапты өзіне табуға көмектеседі. Оның негізгі рөлі — клиенттің алдына қойған міндеттерін қалай орындауға байланысты ұғымды қалыптастыру. Коуч жеке және кәсіби мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі. Оның міндеті процесті клиенттің өзі көздеген мақсатына жетіп, қажетті шешімдер мен жолдарды өзі табатындай етіп ұйымдастыру.

 

Бизнес мектепте бизнес-тренер болу арқылы өз-өзіңізді толық қамтамасыз етіп жүрсіз бе?

– Иә, қамтамасыз етіп жүрмін. Осы кәсіп арқылы өзіңді толық қамтамасыз ету үшін сен нарыққа қажетті, сұранысқа ие, сапалы, клиенттің талаптарын қанағаттандырып, проблемасын шешіп беретін қызмет ұсынуың керек.

 

Қосымша табыс көзін басқаша қалай табуға болады деп ойлайсыз?

– Қазір интернет дамыған заманда қосымша табыс табу көздері баршылық. Ол сіздің қабілетіңіз бен қызығушылықтарыңызға байланысты.

Олардың бірі өз білімдеріңіз бен дағдыларыңызды онлайн курсттар арқылы сату. Мысалы, сіз фотографсыз делік. Неге фото түсіруден онлайн курс ашып, жарнама беріп, сатып ақша таппасқа?

Тіл білсеңіз, түрлі онлайн платформаларда (Мәселен, Skyeng сайтында ағылшын тілінен сабақ беріп) онлайн сабақ беріп ақша тапсаңыз болады.

Тағы бір жол – интернет арқылы заттар сату. Тауарды көтерме бағамен алып (Қытайдан болмаса басқа жерден), интернет арқылы бөлшектеп сату. Бір американдық сарапшы: «Бұрынғы заманда жастарға мүмкіндіктер үшін батысқа бар дейтін болсақ, қазіргі таңда, керісінше шығысқа, атап айтқанда Қытайға бар деу әбден орынды», – деген еді. Ол түсінікті. Себебі, алпауыт Қытайдың бүйірінде отырып, оның мүмкіндіктерін пайдаланбау – әбестік. Бір бизнес форумдағы бизнес сарапшы: «Бұрын АҚШ-тан Қытай көшіретін еді, қазір Қытайдан АҚШ көшіретін болды», – деп ашығын айтқан еді. Яғни, түрлі инновациялық заттарды Қытайдан алып, Қазақстанға ғана емес, интернет арқылы АҚШ және басқа да үлкен нарықтарға сатудың жолын тапса, қосымша емес, тіпті, негізгі табысқа кенелмесіне кім кепіл?!

 

Бизнес-коучтың қандай қиындықтары бар?

Бизнес-коучтың қиындықтары:

Алдымен, бизнес-коучинг туралы ұғым бізде нақты қалыптаспаған. Әлі күнге дейін жай адамдар былай тұрсын, осы салада жүрген кәсіби мамандардың өзі бұл ұғымдарды шатастырып жатады.

Екіншіден, осы түсінбеушілікке байланысты адамдар тарапынан сенімсіздік көп. «Бизнес-тренерлер қаптап кетті ғой», – деген негативті пікір де бар.

Үшіншіден, біздегі адамдар өздерінің жеке және кәсіби проблемаларын коучтың көмегімен шешуге дағдыланбаған.

Бұл проблемалардың барлығы болашақта осы бағытта дұрыс ақпараттандыру мен сауаттандыру, сапалы қызмет көрсету арқылы оңтайлы шешіледі деп ойлаймын.

 

Өзіңізді қай саланың (тарих, саясат, экономика) маманымын деп ойлайсыз?

– Өзімді тарих, саясат, экономикадан белгілі бір деңгейде хабары бар кәсіпкермін деп санаймын (әзіл).

Шын мәнінде, өзімді көбіне кәсіпкермін деп санаймын. Болашақта түрлі кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асырғым келеді. Ал сабақ беру бизнестің де бір түрі. Бірақ қазіргі таңда бұл біз үшін тәжірибе алмасу, бірге дамитын кәсіпкерлік орта құру, біліммен бөлісе жүріп өзіміздің де білім көкжиегімізді арттыру. Себебі, үйренудің ең жылдам жолы – біреуге үйрету. 

 

«Geneva Business School Kazakhstan» MBA бағдарламасының грантын ұтып алдыңыз. Бизнес жобаны іске асыруға байланысты тың ойыңыз бар ма?

Иә, қазіргі таңда Geneva Business School Kazakhstan-да МВА (бизнесті басқару магистрі) бойынша оқып жатырмын. Мақсатым – бизнес саласында негізді білім алу. Тағы бір мақсаттарымның бірі – жүзеге асыруға болатын тың бизнес идея табу. Жалпы әлемде тың бизнес идеялар өте көп. Бірақ оның барлығы біздің нарықта табысты болып кете бермейді. Сол себепті Қазақстан нарығында өсіп-өнетін бизнес идея табу керек. Яғни, біздің нарықта бизнес болашағы үшін нақты идея қажет.

 

– Досан мырза, бизнес-коуч болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

– Ең бірінші әрі маңызды қасиет – эмпатия. Тыңдай білу, ұғына білу. Екіншіден, клиенттің сұраныстары мен қажеттіліктерін дөп басып табу, соларды қанағаттандыруға клиенттің өз әлеуеттерін жұмылдыру. Сондай-ақ, өзінің жеке бас тәртібі мықты болу керек.

Тағы бір мықты қасиет – өзін-өзі оқытып, жаттықтыра білу, үздіксіз білім алу, оны өзі қолданып, нәтиже шығару. Нәтиже шығарғаннан кейін өзгелермен бөлісе білу қабілеті. 

 

Қай бизнес саласының болашағы зор деп ойлайсыз?

– Еліміздің ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда төрт бизнес бағыттың болашағы зор деп атап өтетін едім. Олар – ауыл шаруашылығы, туризм, ІТ саласы, сауда және логистика.

Кәсіп бастаймын десеңіз, қазір – ең ыңғайлы уақыт. Себебі, кәсіп бастаймын деген азаматтарды қолдайтын «Бизнестің жол картасы-2020» шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап, өздері оқытып әрі кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ұсынып та жатыр.

Көптеген бизнес нишалар бізде әлі де бос. Соларды иемдену керек. Сондай-ақ, «бизнес ашамын» деген адамдарға отандық және шетелдік франшизаларды қарастырып көруге кеңес берер едім. Себебі, франшизалардың жұмыс жасап, табыс әкелу ықтималдығы 70-80 пайыз, ал жаңа басталған кәсіптердің тірі қалу ықтималдылығы 5-10 пайыз.

 

Бизнеске байланысты қандай кітаптарды оқуға кеңес берер едіңіз?

Өзіміздің бизнес мектебімізде келесі кітаптарды міндетті түрде оқуға кеңес береміз: 

- Эрик Рис: Бизнес с нуля: Метод Lean Startup для быстрого тестирования идей и выбора бизнес-модели

- Сет Годин: Фиолетовая корова. Сделайте свой бизнес выдающимся!

- Стивен Р Кови: Жасампаз жандардың 7 дағдысы

- “Blue Ocean Strategy,” by W. Chan Kim and Renée Mauborgne

- "Good to Great: Why Some Companies Make the Leap and Others Don't" by Jim Collins.

Бізде бір үрдіс қалыптасқан сыңайлы. Ол үрдіс  «оқу керек» деген кітаптардың тізімін жасап, бірақ оларды оқымау. Болмаса, керек болса да керек емес болса да кітаптарды оқи беру.

Осы жерде кітап оқуға байланысты Билл Гейтстің ойын бөліскім келеді. Оның айтуынша, егер сен әрекетке бармасаң кітап оқуды тоқтат. Көптеген адамдар неғұрлым көп ақпарат оқысам, тұтынсам, соғұрлым ақылдымын, біліктімін деп ойлайды. Бірақ, ол олай емес. Байлар көбіне өздерінің білімдағдыларын дамыту үшін оқиды. Себебі, олар әлгі дағдылдарын құдайдың құтты күні қолданады.

 

Егер сен іс жүзінде қолданбасаң, мына курсқа қатысып, ана кітапты оқығаннан саған пайда болмас.

Бірінші, әрекет ет. Қазіргі біліміңді іске асыр, сосын барып белгілі бір білім жетіспей жатса, соны ғана ал. Мұны «Learning on demand» дейді. Яғни, қажеттілік болғанда ғана үйрену. Сонда, сенде қажетті ғана білім болады. Артық білім болмайды.

Ал, қазір «кәсіп бастаймын» деген адамдарға Эрик Ристің «Бизнес с нуля: Метод Lean Startup для быстрого тестирования идей и выбора бизнес-модели» деген кітабын оқуға кеңес берер едім. Оқып, кітапта көрсетілген қағидаларды қадам-қадаммен жүзеге асырса, біраз жерге барып қалады.

 

Бизнеске байланысты қандай фильмдерді тамашалауға кеңес берер едіңіз?

– Көбіне ұлы адамдардың өміріне негізделген, ой көкжиегін кеңейтетін, шабыт беретін, арманыңның бейнесін айқындайтын және жігеріңді жанитын фильмдер көруге кеңес беретін едім.

Ондай фильмдердің қатарына келесі фильмдерді айтуға болады:

- Пираты Силиконовой Долины

- Корпорация

- Бойлерная

- Мистер Селфридж (сериал)

- Стив Джобс

- Основатель

- В погоне за счастьем

- Социальная сеть  және т.б.

Фильмнің қызығына кіріп кетіп, шынайы өмірден қол үзбеу маңызды. Ал, ең абзалы өзіңіз арқаланып, киноға арқау болатындай басқаларды да сапалы  әрі мағыналы фильм көруге шақырып қайырлы істер жасап, ғибратты ғұмыр кешу өте маңызды.

 

Балаларыңызды қаншалықты тарихқа, мәдениетке (немесе бизнеске) баулып келесіз?

– Менің 3 және 7 жастағы екі қызым бар. Кіші қызым қазақ бала-бақшаға барады. Үлкен қызым қазақ мектебіне барады. Үлкен қызымды өзінің бойындағы қабілеттеріне сай үйірмеге бердік. Ол сурет/дизайн және ұлттық би үйірмелеріне қатысады. Енді бойында тәртіп қалыптастыру үшін өзі қалаған спортқа бермекшіміз. Алдағы уақытта кіші қызымызды да өзінің бойындағы айқын қабілетін дамыта алатын үйірмеге беру ойымызда бар. Қазіргі біздің мақсат – олардың бойындағы табиғи жолмен дарыған қабілетін одан әрі дамытып, шыңдап, және оны өмірлік кәсібі етуге көмектесу.

Әрине, оған қоса ой өрісі кең болу үшін мәдениет, тарих және басқа да салаларды мүмкіндігінше хабардар қыламыз. Бірақ, қазіргі негізгі мақсат – бойындағы қабілетіне басымдық беріп, сол салада кәсіби маман болып қалыптасуына іргетас қалау. Сосын мығым, көркем мінезін орнықтыру.

 

– Алдағы жоспарларыңыз жайлы айтып өтсеңіз

– Алда жоспарлар көп. Біріншіден, қазір оқып жатқан MBA бағдарламаны абыроймен аяқтап, негізді білім алу.

Екіншіден, сол білімді пайдаланып, өзімнің ойымда жүрген бизнес пен шығармашылыққа негізделген жобаларымды іске асыру, қоғамның кәдесіне жарайтын пайдалы дүниелер шығару.

Үшіншіден, одан ары қарай да жиған-терген біліміммен мүмкіндігінше бөлісу.

– Әңгімеңізге рахмет! Игі істеріңізге толағай табыстар тілеймін!

 

(Суреттер  Досан Қауменнің  жеке мұрағатынан алынды)

Руслан БЕГЕН
Бөлісу: