Допингтен кейін Айбол Әбікен жасыл алаңға оралды

30 Сәуір, 12:05 879

28 сәуір күні допинг дисквалификациясы аяқталған Айбол Әбікен жаңа команда тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Енді ол шымкенттік «Ордабасы» клубының жейдесін киеді.

Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін төрт жылға футболдан шеттетілген еді, кейін бұл екі жылға дейін қысқарды. Осы уақыт аралығында футболшы ешқандай ресми матчқа қатысқан жоқ.

Қыста Айболға бірінші лиганың бірнеше клубы қызығушылық танытқанмен, ойыншы «Ордабасының» ұсынысын қабылдады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: