Доңғалақтар дүрсілімен 50 сағат

20 Сәуір 2023, 10:30 1254

Қазақстандық тревел-блогер ең ұзын теміржол маршрутымен жүріп өтіп, сапардан алған әсерлерімен бөлісті

ҚТЖ-ның ең ұзақ теміржол жолаушылар маршруты Қазақстанның батысы мен шығысын байланыстырып жатыр. №37 пойыз Маңғыстаудан Семей қаласына және кері қарай жүреді. Құрам 128 сағат жолда болады.  Ал бұл – 50 станция мен 3,2 мың шақырым.

Журналист және блогер Ренат Ташкинбаев осы қашықтықтың жартысын - Астанадан Маңғыстауға дейін жүріп өтті. Жол шамамен 50 сағатқа созылды. Пойыз 30 станцияда тоқтады. Автор өзінің «Басқа орындар» влогында маршруттың қалай жасалғаның, оны негізінен кімдер пайдаланатының және жолаушылар қандай станциялардан өтетінін айтады. Блогер темір жолдың қалай жұмыс істейтінін  өз көзімен көріп, ішкі тыныс-тіршілігімен жақын танысты.

Әдетте, адамдар вокзалға теміржол тек рельстер мен шпалдар деген түсінікпен келеді. Бірақ іс жүзінде бұл инфрақұрылымның тұтас кешені, болат магистраль бүкіл өмірінің мәні мен ісіне айналған әр түрлі мамандық иелері. Мұндай ұзақ маршруттың жұмыс істеуі үшін жүздеген теміржолшының күш-жігері қажет. Саяхат кезінде мен адамдарды, жолаушыларды, теміржол бұл отбасына, ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін үйге оралу екендігін көрсеткім келді. Бұл әлемді пойыз терезесінен көру мүмкіндігі, - дейді блогер.

Сапар темір жолдың қастерлі делінетін орындарының бірі – ҚТЖ-ның локомотив депосынан басталды. Депо асханасындағы жеңіл таңғы ас, тәжірибелі локомотив бригадасымен танысу және локомотив кабинасында Атбасар станциясына дейін бару. Блогер локомотивтің ішкі жағы сүңгуір қайық сияқты жасалғанын атап өтті.

Мен бұрындары бір машинист А пунктінен В пунктіне дейін пойыз жүргізеді деп ойлайтынмын, олай болмады, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін локомотив бригадасы әр 12 сағат сайын өзгеріп отырады. Маңғыстау – Семей бағыты бойынша локомотив бригадасы 10 рет ауысады. Машинист мамандығы күрделі және жауапты. Кабинада бәрі тек регламент бойынша. Алаңдататын әңгімеге орын жоқ, - дейді Ринат.

Машинист пен көмекші ауысым бойы назарларын басқаға бұрмайды, сөйлесе де қысқа қайырады, жолдардағы қызметкерлерге арналған белгі берулер - барлығы да бригаданың бүкіл маршрутта қырағылығын жоғалтпайтындай етіп ұйымдастырылған.

Вагонда блогер ҚТЖ - дан қосымша «сыйлықтар» туралы айтып берді - №37 пойызының әрбір жолаушысына гигиеналық және шай жиынтықтары қарастырылған. Пойыздарда блогер әйелдер вагонында болып, журналистің өз сөзінше, онда таза әрі қауіпсіз. Жолаушылар, негізінен Есіл – Құлсары бағыты бойынша жол жүріп бара жатқан вахталық қызметкерлер, олар өздерінің өмірі мен осындай вагондардың артықшылықтары туралы қуана әңгімелеген көрінеді.

Доңғалақтар үстінде 128 сағат – пойызға қызмет көрсететін ҚТЖ жолсеріктерінің рейсі осыншама уақытқа созылады. Теміржолшылар мұндай ұзақ сапарға бұрыннан үйреніп қалған, тіпті уақыттың қалай өтіп жатқанын да байқамайды. Пойызға 20 жолсерік және бір құрам бастығы қызмет көрсетеді.

Жолаушылар да ұзақ жолға үйренген, олардың кейбіреулері осы бағыттағы тұрақты клиенттер. Негізінен батыстағы мұнай кен орындарында жұмыс істейтін вахташылар. Айына бір рет олар осы пойызбен жұмысқа немесе үйге қайтады.

Жолда пойыз бірнеше ірі: Құсмұрын, Тобыл, Қандыағаш, Мақат, Құлсары станцияларында жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз сапарға қажетті рәсімдерді: локомотивті, локбригаданы ауыстыру, вагондарды тексеруді жүргізу  үшін тоқтайды.

Әр станцияда блогер сыртқа шығып, адамдармен: сатушылармен, күтіп алушылармен, жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың табысты өмірдің құпиясын ашқан, елді мекен туралы аңыздары мен  қазіргі жағдайлары туралы сырларына қанықты.

Елді мекендердің әрқайсысы өз салты мен дәстүрі бар жеке әлем дерсің.

Мен күндіз-түні жолаушыларға бір уақытта қанша теміржолшы қызмет көрсететінің, сапарды мүмкіндігінше ыңғайлы және қауіпсіз ететінін бұрын ойлаған да емеспін. Енді мен пойыздың тек жолсеріктер  мен машинистер ғана емес, сонымен қатар көптеген мамандар да бар екенін білемін — рейс алдында біреулері локомотивті тексеріп, құмның жүктелуін қадағалайды - бұл машинист доңғалақтардың рельстерге ілінуі деңгейін реттер кезде қажет. Басқалары вагондарды рейске дайындайды. Әр станция жеке кәсіпорын болып табылады, әр станцияда билет кассирі мен вокзал мен станция кезекшісінен басқа вагондарды тексерушілер, жолшылар, сигнал берушілер бар. Қызметкерлердің әрқайсысының өз міндеттері мен тарихы бар, - дейді Ренат.

Автор пойызбен жүру — Қазақстанның тарихы мен алуан түрлілігін зерттеудің тамаша тәсілі деп тұжырымдайды.

EL.KZ
Бөлісу: