Дональд Трамптың алғашқы сот отырысы өтетін күн анықталды

23 Шілде 2023, 04:15 950

Мемлекеттік маңызы бар құпия құжаттарды заңсыз сақтады деп айыпталған АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың алғашқы сот отырысының күні белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ewronews-ке сілтеме жасап.

Федералды судья Айлин Кэннон бұл іске қатысты соттың алғашқы отырысын 2024 жылдың 20 мамырына белгіледі. Отырыс Трамптың сайлау науқанына қызу дайындалып жатқан кезімен тұспа-тұс келеді.

Прокурор сот ісін 2023 жылдың желтоқсанында өткізуді ұсынса, Трамптың адвокаты оны 2024 жылы қарашадағы президенттік сайлау аяқталғаннан кейін өткізуді сұрады.

Жалпы алғанда, Ақ үйдің бұрынғы басшысына 38 бап бойынша айып тағылған.

Берік Арманов
Бөлісу: