Дональд Трамп АҚШ-та туғандарға автоматты түрде азаматтық беру жүйесін жоюға ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
NBC News-ке берген сұхбатында жаңадан сайланған президент ел аумағында шетел азаматтарының балалары туған жағдайда, олардың автоматты түрде азаматтық алу мүмкіндігі болмайтынын түсіндірді. Президент бұл қадамды көші-қон саясатын күшейту мақсатында қажет деп есептейді.
Егер біржақты шешім қабылдау заңдық кедергілерге тап болса, Конституцияға түзетулер енгізуге көшуіміз мүмкін. Бірақ біз осы мақсатқа жетуіміз керек, — деді ол.
Трамптың айтуынша, бұл қадам азаматтық беру жүйесін қайта қарау және заңсыз иммиграциямен күреске бағытталған ауқымды реформаның бір бөлігі болмақ. Сонымен қатар, ол бұл бастамаларды жүзеге асыру заңнамалық өзгерістер арқылы да, конституциялық түзетулер арқылы да мүмкін екенін атап өтті.