Домофонды кірпішпен сындырған елорда тұрғыны қамауға алынды

4 Қазан, 15:19 647

Оқиға таңғы уақытта болған. 26 жастағы мас ер адам үйде кілтін ұмытып кеткен. Содан кіреберіс есікті аша алмай, домофонды кірпішпен сындырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның заңсыз әрекеті бейнекамераға жазылған.

Сот шешімімен бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: