Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

15 Қыркүйек 2022, 16:31 1692

Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 91 теңге

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 474, 19 теңге.

Ұлттық банктің 15 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473, 91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 473 теңгеден болса, сатып алу құны – 477 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: