Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті

23 Маусым 2022, 16:28 1144

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,11 теңге.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды El.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10,45 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 464,81 теңге.

Ұлттық банктің 23 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 454,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 464,56 теңге, сатып алу – 469,50 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 464,80 теңгеден болса, сатып алу құны – 468,53 теңге.

Бөлісу: