Қор нарығында доллар бағамы 466 теңге болды

4 Шілде 2022, 13:13 1603

Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 466, 44 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде демалыс күндермен салыстырғанда доллар бағамы арзандады, – деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462,5 - 465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 463 - 467 теңге аралығында құбылып тұр. Ұлттық банктің 4 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 466, 44 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,30 – 8,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: