Доллар бағамы қайта өсті

19 Шілде 2022, 09:31 3276

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 484,18 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 485-490 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 482,5 – 486 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 485 – 490 теңге аралығында құбылып тұр.

18 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,60 теңгеге арзандап, 484,18 теңге болған.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 484,18 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,5 – 8 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: