Ұлттық банктің 8 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,31 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,03 теңге. Еуро — 567,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 564 — 571 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 567 теңгеден сатып алынып, 574 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,90 - 6,05 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 7 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 12,8 теңгеге қымбаттап, 518,31 теңге болған.