Доллар бағамы арзандады

23 Қаңтар 2023, 16:43 1682

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы төмендеді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,55 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462, 04 теңге болған.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 462, 55 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 462,5 теңге, сатып алу – 464,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 460 теңгеден болса, сатып алу – 463.

Ресей рублі 6,35 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 23 қаңтар күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,74 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: