Доллар бағамы тағы арзандады

9 Қыркүйек 2022, 16:32 1412

Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 46 теңге

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 3,88 теңгеге төмендеп, 1 доллар 473, 35 теңге болды.

Ұлттық банктің 9 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 477, 46 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 477 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 471 теңгеден болса, сатып алу – 476 теңге.

Ресей рублі 7, 33- 7,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: