Доллар 3 теңгеге арзандады

22 Желтоқсан 2022, 17:10 1398

Ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 28 теңге болды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кешкі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 466, 98 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 470, 28 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 466,5 теңге, сатып алу – 469,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 465,8 теңгеден болса, сатып алу – 468,8. Ресей рублі 6,25 – 6,44 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 22 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,66 теңге болды.

EL.KZ
Бөлісу: