Дохадағы әлем чемпионатында қазақстандық үш балуан татамиге шығады

13 Мамыр 2023, 09:12 878

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем біріншілігінің соңғы жарыс күнінде жеке салмақ дәрежесі бойынша ұлттық құраманың екі балуаны күреседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін әлем біріншілігінің жетінші жарыс күні. Соған қарамастан ҚР Ұлттық құрамасының балуандары әлі жүлдеге қол жеткізген жоқ. Сонымен бірге, жеке салмақ дәрежелері бойынша белдесулер мәресіне жетіп отыр. 

+100 келіде тараздық Ғалымжан Қырықбай бүгін кипрлық Антонио Гианниске қарсы белдеседі. Жеңіске жеткен жағдайда отандасымыз эстон балуаны Прилин Туркпен күш сынасады. 

Ал әйелдер құрамасынан +78 келіде Кәмила Берліқаш пен Ақерке Рамазанова күреседі. Кәмила жарыс кестесінде бірінші айналымда татамиге шықпайды. Екінші айналымнан сынға түсетін ол Ангола балуаны Патрикьюс Крислайнмен шеберлік байқасады. Ал Ақерке Рамазанова үндістандық Тулика Маанмен күреспек. Одан өткен жағдайда жапон балуаны Акира Сонемен күш сынасады. 

Қазақстан балуандары Дохадағы сында әзірге үздік нәтижеге қол жеткізе алмады. Бұған дейін әйелдер құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова қола жүлде үшін күресіп, есе жіберді. Сонымен қатар, 60 келіде Нұрқанат Серікбай мен -100 келіде Нұрлыхан Шархан 7-орынға тұрақтады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: