Дмитрий Патанин мен Нариман Курбанов Болгариядағы турнирде көш бастады

26 Мамыр, 21:45 885

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Challenger Cup турнирінде үш медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұтқалы ат снарядында Нариман Курбановқа тең келер ешкім болмады. Ол 15.433 ұпаймен жеңімпаз атанды. Күміс пен қоланы тиісінше Өзбекстан мен Хорватия спортшылары иеленді.

Еркін жаттығуда қазақстандық Дмитрий Патанин 14.033 ұпаймен жеңімпаз атанды. Осы жаттығуда қола медальді тағы бір спортшымыз Салим Асанов (13.533) еншіледі.

Айта кетелік, бұл Қазақстан құрамасының Олимпиада қарсаңындағы дайындық кезеңдерінің бірі саналады.

Зарина Арман
Бөлісу: