Дмитрий Малахов Қаржылық мониторинг агенттігін басқарады

13 Ақпан, 12:20 793

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Дмитрий Михайлович Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетау қаласында туған.

ҚР ІІМ Алматы Жоғары мектебін (1995 ж.), Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін (2005 ж.) бітірген.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан жоғары үлесі үшін мемлекеттік награда – ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, сондай-ақ мерекелік және ведомстволық наградалармен наградталды.

Еңбек өтілі: Ішкі істер, қаржы полциясы органдарында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте және Экономикалық тергеу қызметінде; Ішкі істер министрлігінің өңірлік департаменті және орталық аппараты басшысының орынбасары, Қаржы полициясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары (07.2004-03.2019); Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті Жедел департаментінің басшысы (03.2019-09.2020); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (09.2020-03.2022);

2022 жылғы наурыздан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бірінші орынбасары болды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры.

2023 жылы 11 қазанда Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: