Дизель отынын заңсыз тасымалдаған қызылордалық кәсіпкер бас бостандығынан айрылды

17 Тамыз 2022, 11:01 961

Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді

Қызылорда облысында жеке кәсіпкер мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжатсыз көтерме саудада өткізгені үшін 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды,–деп хабаралайды El.kz. Бұл туралы Қаржылық маниторинг агенттігі мәлімдеді.

 Кәсіпкер 4 тонна дизель отынын тиісті құжаттарсыз өткізбек болған жерінде ұсталып, тергеу барысында ол бұрын өзі өткізген 93 миллион теңгеге тағы 402 тонна жанармайдың шығу тегінің заңдылығын растай алмаған.

 – Құрметті азаматтар! Мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау, сатып алу, сату және сақтау фактілері анықталған жағдайда, Агенттіктің сенім телефондарына және ҚМА аумақтық департаменттеріне хабарлауыңызды сұраймыз,–делінген хабарламада.


Бөлісу: