Дискриминацияға қарсы заңнаманы әзірлеу жұмыстары жалғасуда

30 Маусым, 14:30 643

Кемсітушілікке (дискриминация) қарсы заңнама және нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенциясын орындау мәселелері бойынша тұрақты жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыс тобының құрамына Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Әділет, Сыртқы істер, Еңбек және халықтық әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бас прокуратура, ҰҚК өкілдері, сондай-ақ адам құқықтарын қорғау саласының сарапшылары кірген.. Кездесуде олар заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұстанымдары мен шешімдерін ортаға салды. 

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова кездесуде жұмыс тобы ҮЕҰ мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері үшін ашық екенін, сондай-ақ азаматтық қоғамнан конструктивті идеялар мен ұсыныстар күтетінін атап өтті. 

Жұмыс тобының қызметін үйлестіру үшін 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасының жобасы әзірленді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: