«Дипломмен ауылға»: бағдарлама талаптары қандай?

15 Тамыз 2022, 10:39 12117

Маман бұл бағдарлама бойынша таңдаған жерінде кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.

Егер сіз ауылды көркейтуге үлес қосамын немесе тәжірибе жинау үшін елді мекенге баруға дайынмын десеңіз, онда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы сізге дөп келеді,  деп хабарлайды El.kz. Аталған бағдарламаға кімдер қатыса алады және оның артықшылығы неде? Бүгін осы тақырыпқа тоқталамыз.

 «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жоғары оқу орнын мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттерге арналған:

• білім беру;

• денсаулық сақтау;

• әлеуметтік қамтамасыздандыру;

• мәдениет және спорт;

• ветеринария.

 Мұндай студенттерге мынадай көмек ұсынады:

• 70 АЕК мөлшерінде бір жолғы көтерме жәрдемақы төлемдері;

• 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% жәрдемақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімінде тұрғын үйді сатып алу және құрылыс жүргізу үшін бюджеттік кредит беру;

• ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік саладағы мекеме мамандарға тарифтік мөлшерлемеден (қалалық елді мекендер) 25% аспайтын лауазымдық еңбекақыны көтеру.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткер:

• таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.) жұмысты өздігінен іздей алады;

• жұмысқа қабылдану кезінде аудандық комиссияға өтініш жібереді;

• жұмысты өздігінен іздеу мүмкіндігі болмаса, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі немесе өңірлердегі жауапты жұмыскерлердің көмегіне жүгіне алады;

• өңірлерде кадрлардың қажеттілігі туралы деректер облыстық әкімдіктердің сайттарында көрсетілген.

Маман бұл бағдарлама бойынша таңдаған жерінде кемінде үш жыл жұмыс істеуі керек.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы біле аласыз: gov.kz

Автор: Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: