Діни кітаптарды заңсыз сатқан шымкенттікке айыппұл салынды

24 Қараша 2022, 16:06 800

Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытында қарқынды жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтсақ, осы жылдың қараша айында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 40 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ол діни мазмұндағы кітаптарды заңсыз сатып жүргені анықталды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған әкімшілік сотымен жергілікті тұрғынға 50 АЕК мөлшерінде, яғни 153150 теңге көлемінде айыппұл салынды.

EL.KZ
Бөлісу: