Астанада діни бірлестік өкілдері қала тазалығына жауапты коммуналшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Таза Қазақстан» экологиялық ақциясы аясында өткен іс-шара «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы және «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Акцияда барлығы 60 қызметкерге жуық қамтылды. Ұйымдастырушылар елорданың тазалығы мен қажымас еңбектеріне алғыс білдірді.