Динара Зәкиева балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

2 Желтоқсан, 13:06 389

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдырғандарды заң шеңберінде жазалауды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Омбудсменнің айтуынша, 2024 жылдың қаңтарынан бері балалардың қазасына әкелген 15 өрт тіркелген, олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз қалған.

Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды енгізу қажет деп есептеймін. Әрине, сонымен қатар қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет ұсынатын көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі тиіс, - деп жазды Instagram парақшасында.

Айта кетейік, 11 қазанда Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болып, бір үйдің бес баласы ажал құшты. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: