Димаштың егізі: құрылыста жүріп ән айтқан жігіт көпшілікті тәнті етті

5 Шілде 2023, 12:22 1012

Әлеуметтік желіні талантымен тамсандырған жігіттің дауысын Димаш Құдайбергенге ұқсатып жатқандар көп, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Құрылыста жұмыс істеп жүріп ән айтқан жігіттің видеосы әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Ол Димаштың «Махаббат бер маған» әнін орындаған. Оның дауысына тәнті болған оқырмандар мақтаудың астына алды. Кейбіреулер осындай дарындардың құрылыста жүргеніне қынжылған.

«Не деген керемет дауыс! Талантты екен», «Қазақтың таланттары құрылыста жүр. Димаштың егізі», «Дауысы керемет екен, көз тимесін», «Осындай талантты неге қолдамасқа?!», «Шынымен де Димашқа ұқсайды екен», - деп жазып жатыр.

Ал оқырмандардың бірі оның Шымкенттегі музыкалық колледжде вокал бойынша білім алғанын айтқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE's 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: