Димаштың әкесі мектептегі қазақ тілін оқытуды өзгерту керек екенін айтты

26 Қазан 2023, 12:50 9572

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ тілі» пәнінің атауын өзгерту керек екенін айтты. Оның пікірінше, пәннің атауын «Мемлекеттік тіл сабағы» деп атау дұрысырақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет және мемлекеттік тіл ұғымдары бір-бірімен байланысты. Мемлекеттік тіл жоқ жерде мемлекет те болмайды! Қоғамдық санада мемлекеттік тіл сабағына қатыспау және бұл пәннен төмен баға алу мемлекетті құрметтемеу болып қабылдануы керек, - деді өнер иесі.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: