Димаш Құдайберген Сингапурдағы қайырымдылық концертінде өнер көрсетті

24 Қазан, 18:33 471

Virtuosos жобасы жеңімпаздарының Гала-концерті Сингапурда үшінші рет ұйымдастырылды. Бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биыл концерттің жұлдызды қонақтары өткен жылғы Virtuosos жобасының қазылар алқасының мүшелері, әлемдік деңгейдегі музыканттар – виолончелист Степан Хаузер мен вокалист Димаш Құдайберген болды.

Star орындаушылық өнер орталығының сахнасында Питер Пейцик басқарған Сингапур симфониялық оркестрі – арфа, фортепиано, скрипка, кларнет, виолончель және Orchestra of the Music Makers сүйемелдеуімен Бах И.С., Лист Ф., Брамс И.,  Генсон Д., Циммер Х. және басқа да әлемдік композиторлардың шығармалары орындалды.

Қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген өз репертуарынан бірнеше туындыларын ұсынды. Димаш қытай тілінде «Autumn Strong» әнін жеке орындаса, ал француз тілінде «Sos d’un terrien en détress» виолончелист Хаузермен бірге оркестрдің сүйемелдеуімен дуэт жасады. Сондай – ақ, Димаш ағылшын тілінде «Queen» тобының ең танымал шығармаларының бірі «The Show Must Go On» әнін шырқады. Сондай-ақ, опера әншісі Ильдико Медьимореч, жас музыканттар мен оркестрдің сүйемелдеуімен Майкл Джексонның «Heal the World» туындысын орындады.

Жоба аясында Димаш пен Хаузер өз жанкүйерлеріне «Sos d’un terrien en détress» композициясының бірлескен орындауындағы бейне дайындады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: