Димаш Құдайберген Президентпен бірге ұшақта түскен фотосын жариялады

20 Мамыр 2023, 02:18 773

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!, - деп жазды Димаш Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген ҚХР-дың Сиань қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде  Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсетті.  

Перизат Саденова
Бөлісу: