Димаш Құдайберген концертінен түскен қаражатты Түркиядағы зардап шеккендерге аударады

7 Ақпан 2023, 15:42 3940

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген «Stranger» әлемнің турнесінен түскен қаражаттың бір бөлігін Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді.


«Қазақ халқына бауырлас, ағайын ел болып саналатын Түркиядағы, Сириядағы және басқа да елдерде табиғаттың залалынан көптеген адамның қаза тапқанын естідік. Әрине, зор күйзеліспен қабылдап отырмыз. Барлық дүние салған адамдардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ауыр халде күй кешіп жатқан бауырларымызға тезірек сауығып кетуін тілейміз», - деді қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында.


Осы тұста әнші әлем бойынша ұйымдастырлып жатқан жеке кештерінен түскен қаражаттың бір бөлігін зардап шеккен отбасыларға көмек ретінде аударатынын айтты.


«Әр отбасыға аманшылық тілеймін. Аспанымыз ашық, әлем атты ортақ үйіміз апат пен зілзаладан аман болсын. Елімізде, әлемде тыныштық болсын! Барша әлем халқы бақытты болсын!», - дейді Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер борты Газиантеп қаласына қонады.
Соңғы деректер бойынша, Түркияда зілзаладан көз жұмған адамдар саны 3419 адамға жетті, 20534 адам жарақат алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

 

EL.KZ
Бөлісу: