Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғыс білдірді

10 Сәуір, 16:47 1345

Белгілі Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде.

Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбегі үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: