Төрткүл дүниеге танымал әнші Димаш Құдайберген әкесі Қанат Айтбаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram парақшасына былай деп жазба қалдырды:
Бүгін ағатайымыздың туған күні. Менің өмірдегі, өнердегі жолымды айқындап берген ағатай, менің ғана емес, менің барлық достарымның, бірге жүрген бауырларымның ұстазы. Бақытты, баянды ұзақ өмір тілеймін, ағатай! - деп жазды әнші.
Айта кетейік, әнші Қанат Айтбаев Ақтөбе облыстық филармониясы мен Достық үйінің директоры қызметтерін атқарған.