Будапештте шығармашылық сапарда жүрген Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне бейнеүндеу жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құрметті достар, менің сүйіктілерім Dears! 30 қаңтар – біздің ортақ мерекеміз. 2017 жылғы сол бір есте қаларлық күннен бастап, сіздерге алғаш рет осылай Dears деп атағаныма бүгін 8 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде біз концерттік турларыммен Қазақстаннан бастап Азия, Америка, Еуропаға дейінгі көптеген қалалар мен елдерді араладық… Сіздердің ерекше ықыластарыңыз бен қолдауларыңыз үшін, менің шығармашылығыма қызығушылық танытып, маған сенім артқандарыңыз үшін сіздерге айтар алғысым шексіз.
7 наурызда әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьевтің жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы жасаған туындыны жарыққа шығарамыз. Бұл «Love’s not over yet» әні. Сіздерге ұнайды деген үміттемін!, - деді Димаш Құдайберген.
Бұл туындыны екі мәрте Грэмми сыйлығының иегері атанған продюсер және композитор Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық топ жазған болатын. Әнді Димаштың ерекше дауысына арнап Уолтер Афанасьефф, Доминик Бус, Флавиен Компаньон сынды композиторлар және сөзін Девон Грейвс жазды.