«Дикий» Арманды ұстау мерзімі тағы ұзартылды

6 Сәуір 2023, 13:15 973

Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 06 сәуірдегі хабарламасы бойынша, соттың қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Дикий Арманға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, Арман Жұмагелдиев өткен жылдың 7 қаңтарында ұсталған еді. Ол 2022 жылы қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды. Бас прокуратура оны сол оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін хабарлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды. 

EL.KZ
Бөлісу: