«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

6 Маусым 2023, 16:52 795

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Дикий Жұмагелдиновке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 2 айға, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді, - деп хабарлады Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Дикий Арман» 2022 жылғы 7 қаңтарда ұсталған. Ол қаңтарда жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айыпталды. Бас прокуратура оны сол оқиғалар кезінде адам ұрлап, ұрып-соқты деп күдіктенгенін хабарлады. Салдарынан бір адам қайтыс болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: