Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңіне қатысты пікір білдірді

11 Қараша 2023, 21:45 970

Еліміздің теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өнер көрсеткен ел құрамасының ойынына шолу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың жазуынша, белгілі маман Диас Досқараев Қазақстан теннис құрамасының жақсы ойыншылардан құралғанынан бастаған. Шын мәнінде Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде әлемнің үздік деген теннисшілері бақ сынайды. 

Ол сөз арасында Қазақстан құрамасына сәттілік жетіспегнінде айтып қалды. Ең алдымен жарақатына байланысты бұл сында Елена Рыбакина ойнай алмағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Ленаның денсаулығы жақсы, өзі бабында болғанда, әлемнің кез келген теннисшісін жеңе алатынын жасырмады. 

Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінен бастап жарақатпен алысқанын көрдік. Соның салдарынан Уимблдонда өткен жылғы атағын қорғай алмады. АҚШ-тағы жарыстар ойдағыдай нәтиже әкелмеді. Соған қарамастан, біз оның дайындығы үшін барлық мүмкін жағдайды жасадық. Өкінішке қарай корттың сапасы нашар болғандықтан, Мексиканың Канкун қаласында өткен WTA қорытынды турнирінде арқасынан жарақат алды. Лена Севильяға үлкен үмітпен келді. Дайындалды, бірақ оны ойынға қосу үшін 100 пайыз әзір болуы қажет еді. Әлемдік рейтингіде қанша жоғары тұрсаң да, толық дайын болмасаң, ойнай алмайсың. Командалар құрамына қарасақ, Ига Швентек, Джессика Пегула, Кори Гауфф, Каролина Мухова сияқты маңдайалды теннисшілер келген жоқ. Ал Рыбакина бізбен бірге болып қана қоймай, қосалқы құрамда кортқа шыққан теннисшілерімізді қолдап отырды-, - деді Диас Досқараев. 

Перизат Саденова
Бөлісу: