Дэвис кубогы: Қазақстан Пәкістанға қарсы матчта есепте алға шықты

Кеше, 23:49 119

1 ақпан күні Астанада Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы матчтың алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші күнінде Александр Шевченко және Бейбіт Жұқаев өнер көрсетті.

Александр Шевченконың қарсыласы пәкістандық Музамиль Муртаза болды. Қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Нәтижесінде 6:2, 6:1 есебімен жеңді.

Екінші болып кортқа Бейбіт Жұқаев шықты. Ол Хузайфа Абдул Рехманға қарсы ойын өткізді. Қазақстандық спортшы бірінші сетте 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Пәкістандық екі мәрте қос қате жіберді. Екінші сетте Рехман ойын барысында жарақат алып қалды. Дегенмен матчты соңына дейін жалғастырды. Нәтижесінде Бейбіт Жұқаев 7:5, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан құрамасы алға шықты. Екінші жарыс күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен шеберлік байқасады. Сондай-ақ жекелей сында Александр Шевченко Хузайфа Абдул Рехманмен кездессе, ал Бейбіт Жұқаев Музамиль Муртазамен өзара мықтыны анықтайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: