Дэвис кубогы: Қазақстан мен Пәкістан арасындағы матчтың жеребесі тартылды

Кеше, 18:09 131

Астанада Қазақстан мен Пәкістан құрамалары арасындағы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының плей-офф матчына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, 1 ақпанда алғашқы болып Александр Шевченко өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Музамиль Муртаза. Одан кейін Beeline Arena алаңындағы орталық кортқа Бейбіт Жұқаев пен Хузайфа Абдул Рехман шығады.

Екінші ойын күнін жұптық ойын бастайды: Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Акел Хан және Музамиль Муртаза жұбына қарсы ойнайды. Одан кейін екі жеке кездесу өтеді – Александр Шевченко Хузайфа Абдул Рехманмен, ал Бейбіт Жұқаев Музамиль Муртазамен кездеседі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: