Дерматокосметология қызметі қатаң бақылауға түсті

18 Қаңтар 2023, 09:00 1779

Бет терісін емдейтін мамандардың лицензиялары тексеріледі

Бет күтіміне баса назар аударатын нәзік жандылар сұлулық салонына барарда бірінші кезекте сапасына емес бағасына назар аударады. Оның арты түрлі өкінерлік жағдайға әкелетіне ұмыт қалып жатыр. Бұндай жағдайлардың алдын алу үшін Гүлдара Нұрымова Мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдап, заңнама тұрғысында қатаңдату шараларын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылдың өзінде дерматокосмелогия қызметінің сапасыздығы бойынша түскен шағымдар үш есе өсті.

«Бүгінде бет күтіміне арналған косметологиялық қызметтерді лицензиясы жоқ мамандардың жасап жүргені жасырын емес. Бірнеше күндік курстарды өту арқылы сертификатпен сұлулық салондарында, күмәнді кабинеттерде, тіпті үйде де жұмыс жасада. Олар медициналық білімді талап ететін мезотерапия, плазмолифтинг, мезожіп сияқты процедураларды өткізеді. Мұның алдын алу керек!» - деді Гүлдара Нұрымова.

Шынында да, сұлулық салондары мен косметологиялық медициналық орталықтарды тұтынушының құқығы сақталмай жататындығына көзіміз жетіп жүр. Бұл білімнің бе, әлде тәжірибенің жетіспеушілігінен бе? Клиенттердің денсаулығына немқұрайлы қарап, табыс тауып жүргендердің қатары көбейіп келе жатыр. Өлмейтін кәсіптің біріне айналған сұлулық салондарына енді қатаң талап болмақ.

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Нұрымова  El.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатын: «Біздің басты міндет халықтың мүддесін қолдау. Сондықтан қоғамды алаңдатқан мәселелерді көтеріп, жобаларға ат салысуға дайынмын», деп бастады.

«Ұлт денсаулығы бірінші кезекте тұруы қажет. Жазатайым жағдайдың кесірінен дені сау азаматтарға зақым келтіру дұрыс емес. Депутат дегеніміз халық пен үкіметтің ортасындағы көпір. Сондықтан да әр тарапты да мұқият тыңғылықты қарап, жаңа заңнамалық негіздер қабылдануы қажет».

-Гүлдара Алданышқызы, Мәжілісте үлкен мәселенің басын ашып айттыңыз. Бұл проблема қашан шешімін таппақ?

- Жалпы депутаттық сауал жолдағаннан кейін заңнама талаптарына сай аталған мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен 1 айдың ішінде ресми жауап беруге тиіс. Алдымен сауалдың жауабын күтеміз мәселенің шешілу мерзімі жауаптан кейін ғана белгілі болады. Оң нәтиже көрсетіледі деген сенімдеміз. Әзірге мүмкін деген пунктер қарастырылуда.

- Қазір сұлулық салондары өте көп. Заң қабылданға жағдайда олардың әрбіріне тексеріс жұмыстары жүргізіледі ме?

- Қандай жағдай болмасын халықтың сапалы медициналық көмек алуы қажет. Оның ішінде «дәрігерлік» дермотакосметологиялық қызметтерді алу мүмкіндігін кеңейту қажет. Ол ауруханада немесе арнайы орталықтарында болуы керек. Себебі қазір жай ғана сертификат алу арқылы қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлер көптің қасы. Әрбір мекеме заң талаптарына лицензияға сәйкес жұмысын атқаруы керек. Сұлулық салондарда рұқсат етілмеген қызмет көрсетілмесе ешқандай қауіп жоқ.

- 5-10 жыл оқыған, медициналық білім бар мамандардың көбісі косметология бағытында курстар өткізіп, табыс тауып жатыр. Бұл қаншалықты дұрыс және сертификаты ғана бар косметологтардың кәсіптеріне қауіп төнеді ме?

 - Егер косметологтар медицина институтын бітірген дипломы бар азаматтар болса, қарастырылып жатқан заңнамалар оларға да қатысты болады. Бірақ, қысқа мерзімді сертификатпен косметолог болып жұмыс істеп жатқан тұлғалар бірнеше лицензиялардар өтулері қажет. Қалай десек те, бұл процедураларды мамандандырылған дәрігерлер жасаулары қажет қой.

- Қазіргі таңда мемлекеттегі денсаулық сақтау ұйымдарына бағаңыз?

- Денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді. Соңғы жылдары медицинаға көптеген реформалар енгізілді.ПрезидентімізЖолдауда 650 елді мекендерде емдеу мекемелері жоқтығын айтқан болатын. Алдағы 2 жылда медициналық, фельдшерлік акушерлік бөлімдер салынып, құралдармен қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурахана заманға сай жаңаратын болады. Осындай он нәтижелердің арқасында науқастар саны жылдан жылға азаятыны сөзсіз.

P/s. Әлемдік зерттеулер бойынша пластикалық оталардың 25 пайызы сәтсіз өтеді екен. Күрделі асқынуларға да әкеліп, адам сал болып қалу қаупі де жоғары. 5 мыңнан бірі өліммен аяқталады екен. Мұндай көрсеткіштің болуы әрине, дәрігерлердің біліксіздіктері мен қателіктерінің салдары. Ал денсаулық сақтау министрі болса, қызметтік қателіктің жазасы жеңілдету керек деп ұсыныс жасаған еді. Қандай шешім қабылданар екен. Асыға күтеміз.

Кұқығыңызды біле жүріңіз:  Мемлекетімізде "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заң бар. ҚР Заңының 16-бабына сәйкес тұтынушы тауардың салдарынан оның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген залалға толыұтай төлем алуға құқылы.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: