Депутаттар құрылыс жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімдерін тексерді

21 Шілде 2023, 06:30 997

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов және депутаттар тобы Үркер және Көктал шағын аудандарында құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімшелеріне келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті атқару органдарының қолдауымен салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің  құрылыстары 2021 жылы басталған.

Үркер шағын ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру депосы 2 шығуға арналған. Көктал шағын ауданына қызмет ететін өрт сөндіру депосы 4 шығуға арналған және жанында пәтер үлгісінде қызметкерлерге арналған қызметтік жатақхана салынуда. Құрылыстардың аяқталуы 2023жылдың IV тоқсанына жоспарланған.

Депутаттардың осы өрт сөндіру деполарына келуінің басты мақсаты құрылыс барысымен танысып, проблемалық мәселерін талқылау болып отыр.

Берік Арманов
Бөлісу: