Депутаттар қандай кітап оқып жүр?

29 Қыркүйек 2023, 10:00 3637

Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Қарағандыға жолға шықты. Көлікте отырған депутаттардан Дәулет Мұқаев қандай кітап оқып жүргенін сұрап білді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Жанарбек Әшімжан әлемдік классикадан Флобердің "Бовари ханым" және Березовскийдің "Мемуарын" оқып жатқанын айтты.

Ал Нұрлан Әуесбаев этнограф Төрехан Майбастың соңғы шыққан "Қырмалдық" оқып жүр екен.

Айна Мысырәлімова Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" кітабын қайталап оқып жатқаны белгілі болды.

Нұргүл Тау Лоретта Бройниңнің қазақшаға аударылған "Бақыт гормондары" атты кітап оқып жүр.
 
Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов Эрих Мария Ремарктың  "Триумфальная арка" кітабын оқып жүр.
 
Жұлдыз Сүлейменова Рахат Мамырбектің "Ұлт тұралы арман" кітабын аяқтап, қазіргі таңда Фрэнсис Фукуяманың "Либерализм және оған айтылатын сын" деген кітапты оқып жатыр.
 
Ринат Зайытов Тұрсын Жұртбайдың "Алаш қозғалысы" кітабын тәмамдап, Санжар Керімбай құрастырған "Қуыс кеуде" кітабын оқып жатқанын атап өтті.
 
Нартай Аралбайұлы Оралхан Бөкейдің "Атау кере" кітабын оқып жүргені белгілі болды.
 
Гүлдара Нұрымова Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" кітабын оқып жүргенін айтты.
 
Ардақ Назаров Жүсіп Баласағүнның "Құтты білік" кітабынан парасатты дүниелерді жазып, жаттап жүргенін айтты.
 
Дәулет Мұқаев Юваль Хараридың "Sapiens" кітабын аяқтағанын айтты.
Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: