Депутаттар казиноға барғандарды 5 жылға дейін соттауды ұсынды

31 Қазан 2023, 09:37 1349

Қырғызстанда казиноға барған азаматтарды бес жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы парламенттің бюджет, экономикалық және фискалдық саясат комитетінің отырысында депутат Марлен Маматалиев мәлім етті. Оның айтуынша, жақын арада тиісті заң жобасы Жогорку Кенешке жіберіледі.

Казино, букмекерлік кеңселер енді бір жерде жұмыс істейтін болады. Бұл мекемеге Қырғызстан азаматы барса, лицензиясынан айырылады. Екіншіден, сарапшылар тобында азаматтарға айыппұл салып қана қоймай, екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деген ұсыныс айтылды. Бұл жағдайда Қырғыз Республикасының бір де бір азаматы казиноға бармайды деп ойлаймын, - деді депутат.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: