Депутаттар ескі уақыт белдеуін қайтаруды сұрады

6 Қыркүйек, 16:12 745

ҚР Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбаев, Нұртай Сабильянов, Ұлықбек Тұмашинев, Ринат Зайытов халықтың «уақытты кері қайтару» бойынша талап-арызын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар TikTok желісінде үндеу жариялады.

Мыңдаған халықтың арыз-шағымына орай, мәлімдеме жасағымыз келіп тұр. «Аманат» партиясының Мәжілістегі фракциясы арнайы жиын өткіздік. Өңірлерді аралағанда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай, Жетісу облыстарында ең көп қойылған сауал уақыт белдеуіне байланысты болды. Халық бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп жатыр. БҚО, Қызылорда секілді өңірлерге осы уақыт қолайлы шығар. Бірақ Шығыс Қазақстан үшін тиіміз. Түнгі 2:30-да таң атады. Ал кешкі 17:00-лерде тас қараңғы. Үшінші ауысымда оқитын оқушылар бар. Олар қалай қайтады? Ауылдық жерлерде көшелерде жарық жоқ. Енді жер үлкен болған соң, география бойынша уақыт белдеуі алдын-ала зерттелуі керек еді, - деді Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев.

Депутаттар алдағы Парламенттің жалпы отырысында тыңдау өткізіліп, Үкімет мүшелері, ғалымдарды шақырылатынын айтты. Ұсыныстар бойынша «уақытты кері қайтару» мәселесі талқыланады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: