Депутат скрининг бағдарламаның тиімсіздігіне алаңдаушылық білдірді

23 Мамыр, 13:15 679

Сенатор Айнұр Арғынбекова өзінің депутаттық сауалында ауруды анықтау бағдарламаларының тиімсіздігі туралы сұрады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда екі жылда бір рет өзгеріп отыратын мемлекеттік бағдарламалар бойынша скрининг жүргізіледі, бұл өзгерістер олардың нақты тиімділігін бағалауды қиындатады. Сонымен қатар, науқастардың аз ғана бөлігінің сырқатын анықтауға миллиардтаған шығын кетеді.

2023 жылы 7,5 млн-нан астам адам қаралды, оған 22,5 млрд теңге бөлінді, сонда анықталған ауру көрсеткіші артериялық гипертония - 5%, қант диабеті – 0,9%, глаукома – 0,3% болды. Сондықтан ДДҰ «скринингтік бағдарлама елдің денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы ресурстарына сәйкес келуі тиіс» қағидатын сақтай отырып, скринингтің тиімділігі дәлелденіп жүргізілуі керек, – деді Айнұр Арғынбекова.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда 2013 жылдан бері колоректальды обырды ерте анықтауға арналған скрининг жүргізілуде екенін бүгінде таралуы мен өлімі бойынша екінші орынға шығып отырғанын атап өтті.

Алайда әлі күнге дейін тиісті жабдықтар тапшы, ал бары жаңартуды қажет етеді. Атап айтқанда, облыстарды колоноскоптармен жаңғырту тек 2025 жылдан 2027 жылға дейін жоспарланып отыр. Сонда қазіргі кезде сырқатты анықтау қалай жүргізіледі?, – деді. 

Сенатор жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің өз ұжымдарында скринингтен өту жөніндегі жауапкершілікті арттыруды, медицина кадрларын даярлауды, қолда бар денсаулық сақтау инфрақұрылымын тиімді пайдалануды ерекше бақылауғ алу керегін жеткізді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: