Депутат салынып жатқан екі мектептің құрылыс жұмысын тексерді

13 Шілде 2023, 19:28 900

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жұмыс сапарымен болып, жалпы білім беретін мектептердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Амангелді ауылында салынып жатқан 150 орындық қосымша мектепке барды. Оның құрылысы 2022 жылдың мамыр айында басталып, кейін қаржының жетіспеушілігіне байланысты тоқтатылған.  Ол қаржы осы жылдың наурыз айында бөлінді. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Мәжілісмен сонымен қатар Майлыошақ ауылындағы 200 орындық А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің құрылысын да көріп қайтты. Мұндағы жұмыстар 2021 жылы басталған, ал нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін тапсырылуы тиіс.

Жоспар бойынша биыл мектеп құрылысын кешіктіруге болмайды. Қазір бұл толығымен партияның бақылауында. Нысандар сайлауалды бағдарламамызға енді. Мұнда келудегі мақсатымыз – жұмысты өз көзімізбен көріп, бақылау, – дейді Ерлан Әбдиев.

Перизат Саденова
Бөлісу: